БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРУ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРУ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 18 қаңтар күні «Мемлекеттік аттестациядан өтетін білім беру ұйымдарына ақпараттық-әдістемелік көмек беру әдістері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
 
Облыстық семинарға 14 білім беру ұйымдарының директорлары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 31 адам қатысты.
 
Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өту өлшемшарттарының сапалы орындалуы мен мектеп басшыларының мектепішілік бақылауды жүргізу сапасы жөнінде ақпарат беріліп, мектептегі сындарлы оқыту негізінде сапалы білім алуға қол жеткізуді арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.