2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ

2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттерді талқылау мақсатында аудандар мен қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілерімен облыстық семинар-кеңес өтті.
 
Семинар-кеңес барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова 2022 жылдың оқу-әдістемелік жұмыстарының қорытындысына тоқталып, 2023 жылға арналған іс-шаралардың тиімді ұйымдастырылуы бойынша білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өту барысында мектепішілік бақылау жүйесінің ақпараттық-әдістемелік қолдаудың тиімді көрсетілуі, бағалау жүйесінің, қорытынды аттестаттаудың сапалы ұйымдастырылуы туралы алға қойылған міндеттерді нақтылады.
 
Сонымен қатар, педагогтердің курсаралық кезеңде біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шараларды ұйымдастыру, оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар, авторлық бағдарламалардың әзірленуі туралы қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетіліп, білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапалы ұйымдастырылуы бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.