QUNDYLYQ.KZ, STEM ЖӘНЕ EDUCON ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

QUNDYLYQ.KZ, STEM ЖӘНЕ EDUCON ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Облыстық білім басқармасы басшылығының Астана қаласына жұмыс сапары білім беру жүйесінде жаңартылған технологияларымен ерекшеленетін компания өкілдерінің кездесуімен жалғасын тапты.
 
Қазақстандағы электронды оқыту нарығын қалыптастырып, дамытуға өз үлестерін қосып жүрген компания өкілдері баршаға қолжетімді әрі сапалы білім берудегі тәжірибелерімен бөлісе отырып, платформалардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстырды. Мәселен, Qundylyq.kz - жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтса, Stem - ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларды дамытуға бағытталған. Ал, EduCon - білім беру саласында 15 жылдық тарихы бар консалтинг және баспа компаниясы.
 
Qundylyq.kz - «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарында оқушы жастардың бойында
• қазақстандық патриотизм
• азаматтық сана-сезім
• толеранттылық
• жалпы және құқықтық мәдениет
• салауатты өмір салты
• шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру
• өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру
• бос уақытын тиімді қамтамасыз ету
бойынша даму сатыларының көрінісі күтіледі.
 
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
 
EduCon - заман талабына сай, елімізге пайдалы болатын жастарға сапалы білім беру ат салысып жүрген платформада оқушылар ҰБТ-ға дайындық материалдарын, НЗМ және БИЛ-ге дайындық материалдарын ала алады. Сонымен қатар, EduCon платформасы арқылы
• Мектеп және қосымша білім беру орталықтарының ұстаздарының біліктілігін арттыру семинарлары;
• Тоқсандық және жазғы демалыстарда оқушыларға тиімді әрі жылдамдатылған оқу-жаттығу лагерлері;
• Оқушы мен ата-анаға дұрыс бағыт бағдар беретін профориентация көмегі;
• Онлайн сабақтар мен қашықтықтан оқыту курстары
• Үздіксіз даму үшін марафондар мен сайыстар қызметтерін пайдалануға болады.