АСТАНА ҚАЛАСЫНДА BILIMLAND ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА BILIMLAND ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жамбыл облыстық білім басқармасы басшылығының қатысуымен өткен кездесу барысында аталған жобаның білім беру үрдісінде ұстаздар мен оқушыларға тигізетін пайдасы түсіндірілді.
 
BilimLand - Қазақстандағы электронды оқыту (e-learning) нарығын қалыптастырып, дамытып отырған инновациялық компания. Сонымен қатар, көп тілде білім беретін онлайн платформа. Bilim Media Group компаниясының бастамасымен құрылған платформа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, АҚШ сынды алпауыт мемлекеттерде жұмыс жасайды. 2011 жылдан бері мектепке дейінгі, мектепте және қосымша білім беру аясында барлық жастағы балаларды оқытуға арналған түрлі онлайн-платформалар әзірленіп келеді. Платформаның негізі – қызық бейнероликтер мен конспектілер, симуляторлар мен тренажерлер, сондай-ақ күрделілігі әртүрлі интерактивті тапсырмалар форматындағы цифрлық сабақтар кітапханасы.
 
Bilimland мектеп пәндерін оқытуға арналған бірнеше онлайн платформаларды қамтиды. Орта білім беруге арналған жаңартылған бағдарламаға сәйкес әзірленген мектеп пәндерінің интерактивті сабақтары орналасқан платформада оқушыларға өздігінен сабаққа дайындалуға мүмкіндік мол. Бірегей білім берудің видеоресурсы орналастырылған платформаны пайдалану әрбір қолданушы үшін де өте ыңғайлы.
 
Сонымен қатар, Bilim Land ұжымы қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер, ірі IT-компаниялар, медиақұрылымдар мен елдегі жетекші оқу орындарымен жұмыс жасап жатқандарын жеткізді.