ПМПК, ППТК, ОҢАЛТУ ЖӘНЕ АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС

ПМПК, ППТК, ОҢАЛТУ ЖӘНЕ АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС

2022 жылдың 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің №532 бұйрығымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары» бекітілген болатын.

Осыған орай, ағымдағы жылғы 12 қаңтар күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері мен басқармаға қарасты мекемелердің (ПМПК, ППТК, Оңалту және Аутизм орталықтары) мамандары мен әдіскерлеріне арналған семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес барысында жоғарыда аталған қағиданың талаптары түсіндіріліп, іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Сондай-ақ, 2023 жылы атқарылатын іс-шаралар нақтыланып, бірқатар тапсырмалар берілді. Инклюзивті білім алатын балаларды қосымша білім берумен қамту, олардың әлеуетіне қарай мектептердегі және мектептен тыс мекемелердегі үйірмелерге тарту, инклюзивті білім алуларына жағдай жасау бойынша индикатор көрсеткіштерінің үлесін арттыру, жекелеген аудандардағы төмен көрсеткіштерді облыстық көрсеткішке жеткізу т.б. тапсырмалар берілді.