ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУШІЛЕР «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАСТЫ

ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУШІЛЕР «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАСТЫ

Жастайынан зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсете отырып, жетістіктерін бағалау және насихаттау аса маңызды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 237оқушы 213 жобамен қатысып, бақ сынасты.

Конкурста жас зерттеушілер жұмыстарын презентация түрінде жеке және командалық құрамда қорғады.

Оқушылардың зерттеу жұмыстарын білікті әділқазылар алқасы бағалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапаттады.

Жеңімпаз жас зерттеушілерді құттықтаймыз!