Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 9 тамыздағы №355 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңін өткізді.
Бұйрыққа сәйкес облыстың білім басқармасының қызметкерлері, педагог-шеберлер, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздары, әдістемелік, қосымша білім беру орталықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, ЖОО-ның өкілдерінен құралған өңірлік комиссия конкурстың ІІ кезеңінде педагогтердің teachercontest.iac.kz веб порталына орналастырылған шығармашылық жұмыстарын, жетістіктерін (оқыту тіліндегі портфолиосы, педагогикалық қызмет мониторингі, ғылыми-педагогикалық қызмет, бейне сабағы, бейнеролигі, эссе) саралап, критерийлерге сәйкес бағалап, жеңімпаздарды анықтап, өз жұмысын аяқтады.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңіне облыстағы білім мекемелері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 27 педагог қатысты. 27 педагогтің жұмыстары электронды нұсқада өңірлік комиссия мүшелерінің қатысуымен белгіленген ережеге сәйкес қаралды.
Өңірлік комиссияның сараптау жұмысының нәтижесінде облыстық білім мекемелері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан қатысқан 27 педагогтің 10-ы жүлделі орындарға ие болды.
Конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау Ережеге сәйкес жүргізіліп, жеңімпаздар анықталды.
Олар:
- Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясыныңматематика пәні мұғалімі Мұратбаев Айбек Серікұлы(педагог-зерттеуші,Академик А.Жұмаділдаев атындағы халықаралық математика мұғалімдері сайысының, Халықаралық ашық шығармашылық /IMPACT Olympiad/ конкурсының, математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған VIII халықаралық шығармашылық байқауының, республикалық «Математикалық регата» конкурсының жеңімпазы, «Геометрия пәнінен ҰБТ-де кездесетін қиын есептер» т.б. әдістемелік құралдардың авторы, оқушылары республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары);
- Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Ошақбаев Рауан Маратұлы(педагог-шебер, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпазы, «Қазақстан облыстарының экономикалық географиясы» әдістемелік құралының авторы, оқушылары халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары);
- Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысыҚарымсақова Жадыра Жұмабекқызы(педагог-зерттеуші, студенттері республикалық байқаулардың жеңімпаздары);
- Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абуева Раушан Бәкірқызы(педагог-шебер,республикалықАбайтану олимпиадасының, «Абай әлемі» шығармашылық байқауының жеңімпазы, «Эссе жазудың тиімді жолдары» авторлық әдістемелік көмекші құралының, қазақ әдебиеті пәні бойынша 8-сыныпқа арналған «Жиынтық бағалау тапсырмалар жинағының, «Оқу сауаттылығы» тапсырмаларын жинағының авторы, оқушылары республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба, шығармашылық байқауларының жеңімпаздары);
- Тараз қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Давлетбаев Нұрлан Жексембекұлы(педагог-шебер, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама», «Педстарт», «Математикалық регата»байқауларының жеңімпазы,оқушылары халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары);
- Қордай ауданы, №7 Бетқайнар колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Саметова Дана Жұмабекқызы(І санатты, студенттері республикалық байқаулардың жеңімпаздары);
- Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Естаев Дәурен Естайұлы (педагог-зерттеуші, VII «Математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауының, «Педстарт» олимпиадасының жеңімпазы, оқушылары халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары);
- облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі Чижевская Дарья Константиновна(педагог-шебер, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама»,математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған VIII халықаралық шығармашылық байқауларының жеңімпазы,оқушылары халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары);
- облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IT лицей-интернатының» информатика пәнінің мұғалімі Шыныбеков Бағлан Оразалыұлына(педагог-зерттеуші, математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VII Халықаралық шығармашылық байқауының, математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының ІV Халықаралық ашық шығармашылық байқауының жеңімпазы, оқушылары халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары);
- Меркі ауданы, №9 Меркі колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Құрамаева Нұрбала Рахматоллақызы(педагог-зерттеуші, студенттері республикалық байқаулардың жеңімпаздары).
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІІ республикалық кезеңіне Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Айбек Серікұлы Мұратбаев, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Рауан Маратұлы Ошақбаев, Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Бәкірқызы Абуева, Тараз қаласы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Нұрлан Жексембекұлы Давлетбаев,Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Жадыра Жұмабекқызы Қарымсақова жіберілді.
Педагогтерге сәттілік тілейміз!