«ПЕДАГОГ» КӘСІБИ СТАНДАРТЫ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ПЕДАГОГ» КӘСІБИ СТАНДАРТЫ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтымен» бірлесе отырып, «Педагог» кәсіби стандарты жобасын талқылады.

Талқылауға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Тілебалдыұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының» директоры Сұлушаш Сәтбекқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Көпбосынқызы, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Бекболатұлы, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинет мамандары, БАҚ өкілдері, жалпы 500 педагог қатысты.

ҚР «Атамекен» Ұлттық Палатасының Басқарма Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығымен бекітілген «Педагогтың» кәсіби стандартының негізгі сипаттамаларымен таныстыру және педагог кәсіби стандартын талқылау мақсатында ұйымдастырлған жиында Дарынды балаларға арналған мектептер мен мектеп-гимназия директорлары Ә.Әлішер, З.Дүзенова, Ф.Шортанбекова, Ж.Төребековалар және облыстық-оқу әдістемелік кабинеттің бөлім меңгерушісі Ә.Әлімбекова және тағы да басқа қатысушылар өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

Алдағы уақытта педагогикалық еңбек сапасының нормалары мен критерийлері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру үшін дөңгелек үстелдер мен вебинарлар циклын өткізілетін болады.