ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ!» АТТЫ МҰҒАЛІМДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ!» АТТЫ МҰҒАЛІМДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі, Аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, Облыс әкімдігінің басқарма басшылары, Республикалық мекемелердің қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Жоғары оқу орындарының басшылары, Еңбек ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар қатысты.

Салтанатты іс-шара А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры саханалаған Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатын танытатын қойылыммен ашылды. Өңір педагогтарының жетістіктері туралы бейне ролик көрсетіліп, аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімі өңіріміздегі білім саласын жетілдіруге үлес қосып жүрген бір топ педагогтерді марапаттады.

Марапат иелеріне облыс әкімінің Құрмет Грамотасы, Алғыс хаты, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі және тағы басқа түрлі номинациялар табыс етілді.

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара талантты бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Аяулы ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!