ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАУЛЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАУЛЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту (Арнаулы бағдарлама)» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 қаулысын іске асыру мақсатында Атырау және Түркістан облыстарының білім беруді дамыту орталықтарының өкілдері педагогтармен кездесу өткізді.

Аталған іс-шараға облыс бойынша «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» біліктілік санаттары бар 70-ке жуық педагогтер қатысты.

Арнаулы бағдарламаны түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының тарих пәні әдіскері Марат Кабылханұлы және Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының «Педагогикалық инновация және менеджмент» бөлімінің басшысы Нурила Кулбалиева жүргізді.

Іс-шара барысында баяндамашылар қатысушы педагогтердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөлісті.