«TEENEAGLE GLOBAL FINALS» БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«TEENEAGLE GLOBAL FINALS» БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін «125 International High School» мектебінің базасында Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен халықаралық «TEENEAGLE GLOBAL FINALS» білім сайысына қатысып, үздік нәтиже көрсеткен «125 International High School» мектебінің оқушыларын ҚР-дағы Британдық баспалардың ресми өкілдері болып табылатын StudyInn халықаралық білім беру холдингі мен "Көкжиек-Горизонт" баспа үйінің және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының атынан салтанатты мараппаттау рәсімі өтті.

 «125 International High School» мектебінің 6 оқушыдан тұратын командасы TEENEAGLE GLOBAL FINALS халықаралық білім сайысына қатысқан. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген білімді оқушылар бақ сынасқан сайыста оқушыларымыз оза шауып Қазақстан қоржынына 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдар салса, 2 оқушы «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Жүлдегер оқушылар ақшалай сыйлықтармен, сонымен қатар, кітаптармен марапатталды. Байқауға дайындап, жетекшілік еткен ұстаздары мен балаларына демеушілік жасап үлкен сайыста қолдау білдірген ата- аналары да сый-құрмет пен алғысқа бөленді.

Жеңімпаз оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Сонымен қатар, StudyInn халықаралық білім беру холдингі мен "Көкжиек-Горизонт" баспа үйінің өкілдері - Мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Медет Санатұлына, өңірлік даму директоры Қарлығаш Төкенқызына және GR Директор Аида Уразаеваға алғыс білдіреміз.