
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ««Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға 284 педагог (ЖОО-ның ғалымдары, НЗМ мұғалімдері, әдіскерлер, мектеп басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер) қатысты.
Іс-шара білім беру мекемелеріндегі «Мәңгілік ел» ұлтық идеясын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмыстарын жетілдірудің тиімді жолдарын қарастыру, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.
Семинарға қатысушылар «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде сапалы білім, саналы тәрбие беруді жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты, таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.