«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиада өтті

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиада өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  жас педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында еңбек өтілі 1-5 жылды құрайтын  педагогтар арасында  «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиада өтті.

Офлайн режимінде өткен іс-шараға барлық аудандар мен Тараз қаласынан 21  педагог қатысты. Олар өзін-өзі таныстыру «Педагогикалық дебют» және панорамалық сабақ немесе  «Педагогикалық шеберлік қоймасы» тапсырмалары бойынша  кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ұстаздар бас жүлде, I,II,III дәрежелі дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды:

1.Жүніс Ақерке - Жамбыл ауданы «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп –гимназиясы» КММ

  1. Тыныштықова Ғайни - Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы мектеп -гимназиясы
  2. Арыстанбеков Фараби - Т.Рысқұлов ауданы Құлан мектеп -гимназиясы
  3. Дүзелбай Еркебұлан - Мойынқұм ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы КММ
  4. Лаубай Тоғжан - Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы
  5. Тыныш Алмас - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты
  6. Жумаханқызы Жанара - Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп

Облыстық байқаудың жеңімпаздары  Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олипиадасының III кезеңіне қатысатын болады.