«Білгір кітапханашы» байқауындағы бас жүлде біздің қоржында

«Білгір кітапханашы» байқауындағы бас жүлде біздің қоржында

Қапшағай қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының ролі» тақырыбында жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Республикалық семинар өтті.

Семинар барысында «Білгір кітапханашы» байқауы ұйымдастырылды. Аталған байқауда Шу ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі Секеева Нұрсұлу Рыскелдинқызы бас жүлдені иеленді.

Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз!