Қоржынымызда - 13 қола, 4 күміс

Қоржынымызда - 13 қола, 4 күміс

Бүгін «Елбасы Медалі» бағдарламасының күміс және қола медаль жүлдегерлері марапатталды.

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Аталған бағдарламаға Жамбыл облысынан 465 балалар мен жасөспірімдер қатысты. Республика көлемінде ұйымдастырылған жобада Жамбылдық 17 жеткіншек жеңімпаз атанды. Оның ішінде 13 қола және 4 күміс медальдарды иеленді. Осы тұста республика бойынша берілген 8 күміс жүлденің жартысы Жамбыл облысының қоржынында екенін атап өтейік.

Облысымыздың жеңімпаздарын Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов пен Білім-инновация қорына қарасты Елбасы Медалі жобасының директорының орынбасары Нұрболат Базарбаев марапаттады.

«Елбасы Медалі» бағдарламасының күміс медаль иегерлері:

  1. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Есентаева Аружан
  2. Меркі ауданы №5 Ақарал мектеп-гимназиясының оқушысы Оспан Елдана
  3. Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының түлегі, Сулейман Демирел атындағы университеттің студенті Сейітханова Алина
  4. Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушысы Ким Лилия

Қола медаль иегерлері:

  1. Дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жексенбай Жансая
  2. Жуалы ауданы №26 Жанаталап орта мектебінің 11-сынып оқушысы Әби Марал
  3. №3 мектеп-лицейінің оқушысы Ерланқызы Аида
  4. Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Шыңғыс Саят
  5. Төле би атындағы №8 гимназияның оқушысы Оралова Ұлжан
  6. Мойынқұм аудыны Жамбыл мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Күнтубай Асылжан
  7. Қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің студенті Бекзат Гүлсезім
  8. Қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің студенті Расилхан Нияз
  9. С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетің студенті Жұмағали Аруна
  10. Әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетің студенті Маселбек Мадияр
  11. Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның оқушысы Ербол Инабат
  12. Меркі ауданы Жауғаш батыр атындағы №15 ЖББМ оқушысы Аманбаева Нұрдана
  13. Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның оқушысы Әбдісеиіт Қазына

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!