Қалдырған ізің мәңгілік...

Қалдырған ізің мәңгілік...

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған «Қалдырған ізің мәңгілік...» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі.

Білім саласы қызметкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтап, болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдерді марапаттады.

Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, 2 млн 917 мың теңге сыйақы сертификаттарының иегерлері Сандуғаш Жолдасбекқызы, Нұрлан Үсеналыұлы, Мөлдір Рахметқұлқызы облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Облыстық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары:Ұлбала Тұрғынбекқызы, Сәулет Махатқызы, Самал Орынбасарқызы,Жанат Жолдасбекқызы, Қанат Маханбетқызы, Нэйла Батанқызы,Рабиға Әбенқызы 875 мың теңге сыйақы сертификаттарымен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, облыстың мектепке дейінгі, қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары мен әдіскерлеріне 100 мың теңгенің сыйақылары табысталды.

Мәдени шара барысында шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, шырақ отын маздатып жүрген құрметті де аяулы ұстаздарға үлкен құрмет көрсетіліп, соңы мерекелік концертке ұласты.

Құрметті ұстаздар және білім саласының ардагерлері сіздерді келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!