Республикалық жарыстан жүлделі I орын!

Республикалық жарыстан жүлделі I орын!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында мектеп оқушылары арасында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарысы өтті. 

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, СҚО, Жамбыл, Алматы облыстарынан 10 команда қатысты.

Жалпы командалық есепте Жамбыл облысы 1 орын иеленді.