«Күзгі мектеп» жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің семинары өтті

«Күзгі мектеп» жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің семинары өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс режимінде  облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының және облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері «Organisation of classroom activities to form students’ functional literacy at English classes», «Gamification in education», «Ways to teach students to speak English at an early stage of learning English» атты онлайн режимінде семинар өткізді.

Семинарда оқу бағдарламалары, пәнді оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері, оқушылардың ағылшын пәні бойынша сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтаудың әдіс-тәсілдері туралы ақпарат беріліп, ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыс бойынша 255 педагог қатысты.