Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қызметкерлері тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын атқарып, сенбілікке белсене араласты.

Жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Бұл шара тазалықты жанына серік еткен әр азаматтың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.