Отбасы және бала — жаһандық дамудың маңызды элементтерінің бірі

Отбасы және бала — жаһандық дамудың маңызды элементтерінің бірі

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Балаға немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген кезде баланы айырып алу. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген кезде баланы ата-анасынан (олардың бірінен) немесе қамқорлығындағы басқа адамдардан дереу алып қою үшін негіздер (көрсеткіштер мен өлшемдер)» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Іс-шарада Байзақ ауданы білім бөлімінің бас маманы Мадибаев Шохан Бақбергенұлы аталған тақырыпқа арналған баяндамасын оқыды.

-Бүгінгі таңда жас буынды тәрбиелеуде отбасының әлеуметтік міндеті артып отыр. Себебі отбасы жәке тұлғаның қоғаммен өзара әрекеттестігінің негізгі құралы болып табылады. Ол – бала тәрбиесіндегі ең алғашқы әрі басты тәрбие субекътісі. Ата-аналар өз баласының құқықтарының бірден-бір негізгі қорғаушылары болып табылады. Бірақ олар баласының қабілеттері дамып келе жатқан тұлға екеніне және есейе келе олар өз мүдделерін көздейтін дербес шешім қабылдауға қабілетті болу үшін жағдай жасау керек екенін естен шығарып жатады,- деді Шохан Бақбергенұлы.

Сонымен қатар, жиынға онлайн байланыс арқылы бала құқықтарын қорғау мамандары да қатысты.