Мектеп формасы міндеттелмейді

Мектеп формасы міндеттелмейді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа 2021-2022 оқу жылының мектеп формасының үлгісін мәлімдеді. Бұл жайлы министр өзінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялады:

- Ата-аналардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшіліктерінің, білім басқармасы басшыларының пікірлерін тыңдап, көбісі мектеп формасын жақтайды деген қорытындыға келдім.

Бірақ мектеп формасын қолдағандар мен қарсылық білдіргендердің пікірлерін саралап, барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешімді қабылдадық.

Бұл шешім тек қана келесі оқу жылы үшін қабылданды.

Бас ұстаз мектеп формасы жайлы шешімді қабылдар кезде еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың және кейбір отбасылардағы уақытша экономикалық қиындықтардың ескерілгенін атап өтті.