Оқу жылының қорытындысы баяндалды

Оқу жылының қорытындысы баяндалды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде білім басқармасы басшысы міндетін атқарушы Талғат Жамаловтың қатысуымен «2020-2021 оқу жылының қорытындысы және мектеп түлектерін аттестациялау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Т.Салқанұлы биылғы оқу жылының қорытыныдысымен бөлісіп қана қоймай, журналистердің келер оқу жылының форматы жайлы сұрақтарына да жауап берді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының биылғы жылы ҰБТ тапсырудағы жетістіктеріне де тоқталып өтті.
- Өткен жылдармен салыстырғанда ҰБТ-ның биылғы жаңа форматы мектеп бітірушілерге өте қолайлы болды. Тестілеуге 11222 мектеп бітірушінің 8142-і қатысты. Облыс бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 83,2-ні құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 12,1-ге жоғары болды – деді Т.Жамалов.