Жас дизайнерлер марапатталды

Жас дизайнерлер марапатталды

Жақында қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Інжу-дизайн» республикалық жас сән дизайнерлерінің байқауы өткізілген еді.

Аталмыш сайысқа Тараздық оқушылар да қатысып, бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде қалалық білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының балалары бірнеше орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бексұлтан Сұлуайымға белгілі стилист-модельер Фарида Мерхамитқызының камзолы табысталса, Өмірзақ Асылайға дизайнер Михайл Кравецтің арнайы сыйлығы бұйырды.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының оқытушысы, байқау ұйымдастырушыларының бірі Сәуле Құрманбекқызы жас сән дизайнерлерін марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, болашақта өз оқу орнынан осындай дизайнерлерді көргісі келетінін тілге тиек етті.