Жамбылдық оқушылар еуропалық физика олимпиадасында топ жарды

Жамбылдық оқушылар еуропалық физика олимпиадасында топ жарды

А.ж. 19-26 маусым аралығында Эстония мемлекетіндегі Тарту университеті мен Таллин технологиялық университеттерінің ұйымдастыруымен V Еуропалық Физика Олимпиадасы (EuPho) өтті. Олимпиадаға 50-ден астам мемлекеттен 220 оқушы қатысты. Елімізден қатысқан оқушылар 1 күміс, 2 қола және алғыс хатқа ие болды. 

Облысымыздың Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сайлаубай Жалғас Қола медаль иеленсе, Сапыбек Дінмұхаммед алғыс хатпен марапатталды.

Оқушыларды дайындаған педагогтарға және ата-аналарға алғыс айтып, жеңістерімен құттықтаймыз!