Асхат Аймағамбетов мектеп директорларымен кездесті

Асхат Аймағамбетов мектеп директорларымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Тараз қаласындағы мектеп директорларымен кездесті.

Кездесу барысында министр Жамбыл облысындағы білім сапасының жоғары екенін тілге тиек етіп, аталмыш саланың алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.

Атап айтар болсақ, жаңа оқу жылында жүзеге асатын «Оқуға құштар мектеп», «Ұшқыр ой», «Өзін-өзі басқару» жобаларымен жұмыс жасауды тапсырды. Ата-ананың балаға деген жауапкершілігін көтеру, мектептегі оқушылардың қауіпсіздігіне үлкен мән беру керектігін ескертті.

Жаңа оқу жылының дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынын атап айтып, педагогтардың вакцина алуын және оқулықтармен толық қамтамасыз етілуін қадағалауды тапсырды.