Талапкерге нұсқаулық. Құрметті талапкер!

Талапкерге нұсқаулық. Құрметті талапкер!

Егер Сіз колледжге баруды  және мемлекеттік білім беру тапсырысын алу бойынша Конкурске қатысуға шешім қабылдасаңыз, Сізге келесі әрекеттерді ұсынамыз:

 

  • 1-қадам. Электрондық үкімет порталына тіркеліңіз (egov.kz) немесе тікелей колледжбен байланысыңыз;
  • 2-қадам. Мамандықтарды таңдауға арналған ақпараттық жүйе арқылы кәсіби диагностикадан (сауалнамадан) өтіңіз (кәсіби диагностика нәтижелері ұсыным ретінде қарастырылады);
  • 3-қадам. Ақпараттық жүйе арқылы 4 білім беру мекемесі мен 4 мамандыққа дейін, біліктілік таңдай отырып өтініш бере аласыз (қабылдау мерзімі - 25 маусымнан басталады);
  • 4-қадам. Анкеталық деректерді нақты және сенімді түрде толтырыңыз (электрондық пошта, байланыс телефондары) және сканерленген құжаттарды тіркеңіз (білімі туралы құжат, 3x4 көлеміндегі фотосурет (4 дана), № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы; жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін);
  • 5-қадам. Квота санатын растайтын құжаттарды ұсыныңыз (1, 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын ауыл жастары, жетім балалар, көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың балалары, қандас санатынан) (бар болса);
  • 6-қадам. Педагогикалық, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандарды (мерзімі 21 шілдеден 28 шілдеге дейін), ал медициналық мамандықтар бойынша - психометриялық тестілеу тапсырады және қорытындысы бойынша байқауға жіберіледі;
  • 7-қадам. Білім туралы құжаттың міндетті және бейіндік пәндердің бағаларына сәйкес орташа конкурстық балл негізінде байқау автоматты түрде жүргізіледі. Байқау қорытындылары 9-сынып базасы үшін - 23 тамыз, 11 сынып - 25 тамыз ресми интернет-ресурстарда жарияланады;

Оқуға түсу үшін орташа конкурстық балл (бұдан әрі - ОКБ) анықталады:

  • 9-сынып негізінде оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша
  • 11-сынып негізінде түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән
  • 8-қадам. Білікті жұмысшы мамандығы бойынша құжаттар (аспазшы, күтуші, кондитер, тігінші, дәнекерлеуші, шаштараз және т.б.) колледжде 25 тамызға дейін, сұхбаттасу нәтижелері бойынша қабылданады;
  • 9-қадам. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарлама бойынша оқуға қабылдау талапкердің өтініші және әлеуметтік статус негізінде қабылданады;
  • 10-қадам. Білім беру ұйымдарыныңқабылдау комиссиямекен-жайлары, Call-орталықтары туралы мәліметтер ақпараттық жүйеде немесе Білім басқармасының сайтынан көре аласыз.