Жамбылда түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті

Жамбылда түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті

Жамбылда түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті

Облысымыздың 11-сынып түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты 14 маусым күні ашық алаңда өтуде. Жалпы биылғы оқу жылын облыстағы 238 мыңнан астам оқушы аяқтады. Олардың 11 мыңнан астамы — 11 сынып түлектері. Оның ішінде 461 түлекке «Алтын белгі» және 538 түлекке үздік аттестат тапсырылды.

Бүгін облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатырова дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты мен  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында өткен қорытынды аттестаттау рәсіміне қатысты.

­- Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз мектеп қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін алып, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр.Әрқашан сәтті жол болсын! Сапарларыңыз оң болсын! – деді, Ж.Елеуқызы.