Балалар лагерьге аттанды!

Балалар лагерьге аттанды!

Жыл бойы уақытының көбін мектепте өткізетін оқушылар жазғы демалыс күндерін асыға күтетіні белгілі. Сондықтан оқушылар үшін  ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Осы орайда жазғы сауықтыру лагерьлері балаларға есіктерін айқара ашып, оларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін жұмыс істеуде.

Бүгін балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Берікқара» демалыс орталығына бір топ оқушы аттанды. Облыс әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін жазғы сауықтыру лагерінің 1 маусымына әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан 65 бала қатысады.

Сапарға аттанған балғын балалардың демалыс күндері қызықты сәттерге толы болуына тілектеспіз!