Қала сыртындағы лагерьлер жұмысын бастайды

Қала сыртындағы лагерьлер жұмысын бастайды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысын бастайтынын хабарлайды.

Тараз қаласының жалпы білім беретін мектептерінде білім алып жүрген, аз қамтылған отбасынан шыққан 3600 бала қала сыртындағы «Болашақ» және «Берікқара» сауықтыру лагерьлерінде тегін демалады.

А.ж. 11-13 маусым күндері балалар ПТР тестін тапсырып, 15 маусым күні жазғы лагерьлерге аттанады.