Республикалық «Iqanat» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Республикалық  «Iqanat» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Ағымдағы  жылдың 1-5 маусым аралығындаауыл мектептеріне арналған Республикалық «IQanat» олимпиадасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Аталған олимпиадаға Жамбыл облысынан40 оқушы қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша Қордай ауданы, №51 орта мектебінің оқушысы Агафонов Никитафизика пәнінен жүлделі бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз «IQanat» Білім беруқоры дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, «IQanat Kazakh-English High School» мектебіндетегін оқу үшін іріктеу жүргізілді. Бурабайда орналасқан мектепте Жамбылдық 11 оқушы грантты жеңіп алып,2022-2023 оқу жылынан бастап білім алатын болады. Қазіргі таңда олар Сүлеймен Демирел Университетінің базасында 5 күндік дайындық сабақтарына қатысуда.