Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады

Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады

Мемлекетіміз өскелең ұрпақтың қамын ойлауда бала құқықтарының қорғалуына ерекше мән беріп, балалық шақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Осыған орай, бүгін облыс прокуратурасының құқықтық мониторинг орталығында «Жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ашық форум өтті.

Форум шымылдығын облыс прокурорының орынбасары Н.Ұлысбек ашып, жұмыс регламентімен, лекторлармен және олардың тақырыптарымен таныстырды. Жалпы шарада мектеп директорларының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға; ювеналдық полиция қызметкерлеріне және ата-аналарға арналған кеңестер, семинар-тренингтер жүргізілді.

Онлайн және оффлайн форматта өткен ашық форумда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық және әкімшілік істерді қараудың сот тәжірбиесі, отбасындағы бала тәрбиелеудегі ата-ананың ролі, балаларға қауіпсіз ортаны қалыптастыру, оларды бейімдеу орталығына орналыстыру тәртібі, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды ата-аналармен бірлесе отырып, шешу жолдары қарастырылып, талқыланды.