Облыс әкімі балаларды Халықаралық мерекелерімен құттықтады!

Облыс әкімі балаларды Халықаралық мерекелерімен құттықтады!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық білім басқармасының ұйымдыстыруымен «Балалық шақтың шуақты қаласы» атты мерекелік шара өтті.

«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» ұйымдастырылған кештің мақсаты – ананың аялы алқанын, әкенің мейірімділігін көрмей өсіп келе жатқан жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, оларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Бүлдіршіндерге арналған шарада облыс әкімі Б.Сапарбаев пен облыстық соттың төрағасы Е.Ахметжанов орталықтың «Атамекен» жанұясының лентасын қиып, «Бриллиант» сұлулық салоны мен «Гауһар тас» аспаздық студиясымен танысты.

Орталықпен танысу ән мен жырға толы салтанатты мейраммен жалғасты. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, жиналғандарға концерттік бағдарлама ұсынды.