Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

1-12 маусымы аралығында елімізде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді.

Мақсат – қоғамның назарын, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру, жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алу.

Акция аясында білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов және облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Қ.Қалжанов мектеп оқушыларына, мұғалімдер мен ата-аналарға олнайн жиын өткізді.

Онда ақпараттық науқан кезінде облыста құқық қорғау, білім беру, ата-аналар комитеттері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат беріліп, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы акция аясында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік шараларды өткізу, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын мамандар арасында бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемасы бойынша семинарлар, семинар-тренингтер сынды түрлі жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.