«Кел, балалар, оқылық!» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

«Кел, балалар, оқылық!» атты облыстық  байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті бастауыш сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында «Кел, балалар, оқылық!» атты облыстық сырттай байқауын ұйымдастырды.

Ондағы мақсат қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және тіл шеберліктерін байқау болды.

Байқау ережесіне сәйкес оқушылардың бейнематериалдары #Кел,балалар,оқылық! хэштегімен YouTube видеохостингіне жарияланып, үздік бейнероликтер дауыс беру арқылы іріктеліп, қазылар алқасы байқау критерийлеріне сәйкес жазбаша түрде бағалау жүргізді.

Байқауға облыс бойынша 108 оқушы қатысып, 34 бейнематериал үздік деп танылды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.