VІІІ облыстық жас техниктер мен өнертапқыштар жарысының жеңімпаздары марапатталды

VІІІ облыстық жас техниктер мен өнертапқыштар жарысының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «Жамбыл дарыны» орталығында VІІІ Облыстық жас техниктер мен өнертапқыштардың әуе, авто, кеме, зымыран үлгілерін жасау бойынша шығармашылық жарысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде білім басқармасының ұйымдастыруымен бастау алған жарыс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары және техникалық қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өтті.

Мақсат – оқушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету

Жарысқа қатысушылардың жұмыстарын білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов төрағалық еткен қазылар алқасының құрамы анықтады.

Жарысқа аудандар мен Тараз қаласының техникалық шығармашылық орталығынан оқушылардың 87 жұмысы ұсынылды.

Жеңімпаздар чемпион кубогімен және арнайы дипломдармен, ал жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды.