Жамбылдық жастар жақсылық жасап жарысуда

Жамбылдық жастар жақсылық жасап жарысуда

Білім басқармасының бастамасымен облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында «30 игі іс» қайырымдылық акциясы бастау алды.

Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ізгі шараның мақсаты – жастар арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету.

Акция аясында 12 сәуір күні облыстағы 20 колледждің студенттері тұрмысы төмен 30 отбасыға материалдық, медициналық және үй-жайларына техникалық-тұрмыстық көмек көрсетті.

Атап айтсақ, студенттер үйлердің шатырының жабу, сыртқы темір есігін дәнекерлеу, бақшаны тазарту, терезелерге темір тор қою сынды қызметтер көрсетті. Одан бөлек еркіті жастар мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері мен медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрілер жиынтығын сыйға тартты.

Тұрғындар өз кезегінде жастарға жасаған қолғабыс үшін алғыс білдірді.