«Озық әдістемелік қызмет» байқауының жеңімпазы анықталды

«Озық әдістемелік қызмет» байқауының жеңімпазы анықталды

7 сәуір күні Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында өткен «Озық әдістемелік қызмет» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға 15 колледж қатысты.

Бес кезеңнен тұрған байқауда қатысушылар тақырыптық портфолио дайындап, комиссия мүшелеріне ұсынды. Құжаттарды белгіленген критериилер бойынша саралаған әділқазылар алқасы, жеңімпазды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орынды – Құлан агротехникалық жоғары колледжі;

ІІ орынды – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі;

ІІІ орынды – Жамбыл жоғары медициналық колледжі жеңіп алды.

Ал Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Маман даярлаудағы сапалы әдістемелік қызмет» номинациясымен, Тараз сервис және технология колледжі «Жаңашыл бағыттағы әдістемелік қызмет» номинациясымен және №3 Байзақ колледжі «Тиімді ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс» номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтыймыз!