Жамбылдық 2 оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының II кезеңіне жолдама алды

Жамбылдық 2 оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының II кезеңіне жолдама алды

ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Хабар» Агенттігінің қолдауымен «NURORDA media» компаниясы жуырда «Хабар» арнасынан «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының түсірілімін жандандырды.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын зияткерлік сайысы 15 жыл қатарынан қалың көрерменнің сүйікті бағдарламасына айналды.

Түсірілімге Жамбыл облысынан 7 үміткер жолдама алған болатын. Білім бәйгесіне қатысқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Абуталип Диас пен Талас ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Аллаберген Ернұр жүзден жүйрік атанып, ІІ кезеңге жолдама алды.

Диас пен Ернұрға алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!