Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары

Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 4 наурыз күні мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған «Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті.

Ұлттық тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған вебинарға барлығы 107 педагог қатысты.

Вебинарға қатысушылар ұлттық тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.