«Ең үздік ашық сабақ» байқауы өтті

«Ең үздік ашық сабақ» байқауы өтті

26 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында тарих пәні мұғалімдері арасында «Ең үздік ашық сабақ» атты облыстық сырттай байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру және оларға қолдау көрсету.

Байқау барысында өскелең ұрпаққа Қазақстанның әлем елдері қатарындағы беделі, еліміздің бастамалары, мемлекетіміздің ұлттық тарихы, Елбасының рөлі, ұлт мұраттарын насихаттау туралы ашық сабақтар ұсынылды. Байқауға облыс бойынша барлығы 20 педагог қатысып, сабақтарын ұсынды.