Жамбылдық оқушылар халықаралық конкурс жеңімпаздарының қатарында

Жамбылдық оқушылар халықаралық конкурс жеңімпаздарының қатарында

Жамбылдық оқушылардың 6 ғылыми жобасы Ө.Жолдасбеков атындағы ХІ Халықаралық конкурста үздік атанды.

Халықаралық сайыста облыстық іріктеуден өткен 13 оқушы 9 жобамен қатысып, математика, қолданбалы математика, механика және экономика секциялары бойынша ғылыми зерттеулерін қорғады. Нәтижесінде 6 жоба жеңімпаз атанды.

Алтын медальді Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының оқушысы Аштаева Аяулым жеңіп алды.

Күміс медальді Тараз қаласындағы №40 гимназиясының оқушылары Ким Сабрина мен Байлина Айза, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Қалмұхамбет Жансерік иеленді.

Қола медальді Тараз қаласындағы №1 гимназиясының оқушысы Жаркынова Аружан, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары Бидайшиев Шыңтас пен Раушанова Ардақ, 11-сынып оқушылары Әділхан Амина мен Қайрат Меруерт иеленді.

Жас зерттеушілерді және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!