Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA, TIMSS тапсырмаларының өзектілігі мен ерекшеліктері

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA, TIMSS тапсырмаларының өзектілігі мен ерекшеліктері

1 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім бөлімдерінің әдіскерлері, математика, физика пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA, TIMSS тапсырмаларының өзектілігі мен ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті.

Іс-шара барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда халықаралық зерттеу тапсырмаларының өзектілігі, құрылымы мен ерекшеліктері, PISA, TIMSS тапсырмаларын сабақ барысында тиімді қолдану, есептерін шығару жолдарының түрлі тәсілдерін көрсету бойынша ұсынымдар берілді.

Аталған іс-шараға облыстың 221 математика, физика пәндерінің мұғалімі қатысты.