Облыс оқушылары республикалық турнирден олжалы оралды

Облыс оқушылары республикалық турнирден олжалы оралды

Облыс оқушыларынан құралған команда 23-26 ақпан аралығында өткен мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің жүлдегері атанды.

Аталған турнирге облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Пікірсайыс барысында қатысушылар қоғамның өзекті мәселелерін, азаматтық жауапкершілік, үш тілде білім беру, онлайн оқыту тақырыптарын талқылап, тың идеялар ұсынды.

Мектеп жасынан бастап оқушыларды шаршы топта сөз сөйлеуге шынықтыратын пікірсайыс алаңы болашақта өз ойын ашық, еркін жеткізе алатын азаматтардың қалыптасуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

Ойын соңында жүзден оза шапқан жүйріктер анықталып, бағалы сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Турнир нәтижесінде сайысқа қатысқан 51 команданың ішінен Тараз қаласындағы №41 көпсалалы гимназияның «Фемида» командасы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, Байзақ ауданындағы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің оқушысы Әбутәліп Аружан «Үздік креатив» номинациясының иегері атанды.

Оқушыларды республикалық турнирге дайындаған команда жетекшісі Айнұр Сариеваға, Байзақ ауданындағы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің дебат клубының жетекшісі Дулат Тұрсыналыға Алғыс білдіреміз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!