«Үздік бейнесабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік бейнесабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды
25 ақпан күні Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының «Үздік бейнесабақ» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 
Байқауға 17 колледжден 41 педагог қатысып, бейнесабақтарын ұсынды.
 
Байқау қорытындысы бойынша Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Айгуль Оралбаеваның және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің анатомия, физиология және патология пәндерінің оқытушысы Гүлназ Септесіннің бейнесабақтары үздік атанып І орын иеленді.
Жүлделі ІІ орынды Тараз сервис және технология колледжінің оқытушысы Галима Айдашбекова, Құлан агротехникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Берік Рахметалиев және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің биология пәнінің оқытушысы Нурила Абильдаева жеңіп алды. Ал Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушысы Сандуғаш Наметкулова, Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Ақмаржан Сарбасова, №7 Бетқайнар колледжінің оқытушысы Айгул Жошиева, Қордай ауылшаруашылық колледжінің індеттану пәнінің оқытушысы Шарбану Нұрылдаева және №3 Байзақ колледжінің оқытушысы Зауреш Султаналиева ІІІ орын иеленді.