Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевтың қатысуымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиын барысында Р.Төлебаев жастармен сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, оның қоғамдағы түрлі салаға тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.
Іс-шара соңында «Саналы ұрпақ» клубының студенттері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына талдау жасап, тақырып туралы ойларын ортаға салды.