1-КУРСТЫҢ 5659 СТУДЕНТІ АРАЛАС ФОРМАТА ОҚИДЫ

1-КУРСТЫҢ 5659  СТУДЕНТІ АРАЛАС ФОРМАТА ОҚИДЫ
Екінші семестрден бастап кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1-курстың 5659 студенті аралас формата оқиды. Яғни, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтықтан өтеді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
🔴Аймақтағы ауылдық елді мекендерде орналасқан 7 колледжде 1298 студент штаттық режимде оқиды.
🔴Оқу жылының екінші семестрінен колледждегі 2-4 курстардың 14018 студенті аралас форматта оқытылады. Аталған курс студенттердің 100% теорияны онлайн, дуалдық оқытуда кәсіпорын базасында - 3349 студент, колледж базсында-1077, онлайн форматта - 1154 студент білім алады.
🔴Колледждердің 100%-ы білім берудің ақпараттық ресурстарында жұмыс жасайды.
❗️Атай кету керек, колледждерде оқу процесін ұйымдастыру жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша жүзеге асырылады.