Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 21 мамырында мектеп директорларының орынбасарлары арасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында «TUTOR JAMBYL» әдістемелік қолдау жобасы аясында «Мұғалімнің зерттеуі білім беру тәжірибесін өзгертудің қозғаушы күші» тақырыбында I Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында «CER әдісін қолдана отырып оқушылардың химиялық үрдістерді интерпретациялау дағдысын дамыту», «Teacher reflection on lesson teaching and learning», «Алгоритмдік әдісті қолдану арқылы оқушылардың гипотеза тұжырымдау дағдысын дамыту» тақырыптарында постер сессиялар және «ТЖБ қорытындысын мониторингтеу және жоспарлау», «Мұғалімнің зерттеу дағдысын дамыту – білім сапасын арттыру құралы ретінде» атты шеберлік сыныптар көрсетіліп, баяндамалар ұсынылды.
Оқыту және оқу, оқыту әдістемесіндегі инновациялық тәсілдер, бағалау,тәрбие қызметі, мектепке дейінгі білім беру, оқушылардың әлауқаты және қолайлы білім беру ортасы, білім беру саласындағы көшбасшылық және менеджмент (мұғалімдер), өнер және қосымша білім беру бағытында мазмұнды ақпараттар берілді.
Білім беруді цифрландыру: мүмкіндіктер мен қиындықтар; геймификация және интерактивті технологиялар; жобалық және зерттеушілік оқыту; STEAM тәсілін білім беру тәжірибесінде қолдану; аралас және төңкерілген оқыту тақырыптарында ақпараттық-әдістемелік көмектер беріліп, қажетті ақпараттық-әдістемелік материалдардың электронды нұсқалары таратылды.