Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылғы 20 мамыр күні Тараз қаласындағы №39 мектеп-гимназиясының базасында «KIDS ATHLETICS» республикалық семинары өткізілді.
Семинарға Тараз қаласының білім беру ұйымдарынан жалпы саны 83 дене шынықтыру пәнінің педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға балалар жеңіл атлетикасын дамыту, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру бағытындағы тәжірибелер ұсынылды. Сонымен қатар, практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, педагогтер өзара тәжірибе алмасты.
Аталған семинар дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.