Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ШЕРХАН МҰРТАЗА ОҚУЛАРЫ» ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ШЕРХАН МҰРТАЗА ОҚУЛАРЫ» ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен бірлесе 2026 жылдың 18-20 мамыр күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында Х республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы Тараз қаласында өтті.
 
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның шығармаларын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.
Ережеге сәйкес байқау 3 номинация бойынша өтті:
1. «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» - шығармалары негізінде теориялық сұрақтарға жауап беру номинациясы;
2. «Зау тұлға» - өз шығармаларын жатқа оқу номинациясы;
3. «Шерхан Мұртаза мұрасы» - ғылыми жоба номинациясы.
Республикалық байқау Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында өтті.
Байқауға әр өңірден 3 бағыт бойынша 3 оқушыдан жалпы 50-ге жуық үміткер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Дарын» РҒПО-ның І дәрежелі дипломын - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 9 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаз оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталып, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ректор грантын - Атырау облысы, Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының 11 сынып оқушысы Амангелді Айханым иеленді.
 
Сонымен қатар, қатысушыларға жазушының туған жері Жуалы ауданы, Талапты ауылындағы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музейіне, аудан орталығындағы Бауыржан Момышұлының мемориалдық музейіне экскурсия ұйымдастырылды.