РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНАН КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНАН КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
2026 жылдың 12-15 мамыр күндері Ақмола облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Ауыл шаруашылығы» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
 
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлерінің мәртебесін арттыру, байқауға қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу мақсатында өткен конкурсқа облысымыздан 2 инженер-педагог қатысып, №9 Меркі колледжінің өндірістік оқыту шебері Аймбетов Ондасын Жаналыкович жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды